24 Қараша, 2011

Заңдылықты сақтау мәселелері қаралды

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төраға­лық етуімен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәсе­лелері жөніндегі ко­миссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Комиссия мәжілісін ашқан Қанат Саудабаев үсті­міз­дегі жылғы бұл отырыс соң­ғы мәжіліс екенін, бірақ соны­мен қатар ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп отыр­ған­дығымен және Мемлекет бас­шысының сындарлы сая­­сатының арқасында бар­лық салада үлкен жетістікке жеткендігімізбен маңызды екен­дігін атап өтті. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­ресте де бірқатар айтар­лық­тай шаралар қамтылды. Тәу­ел­сіздіктің 20 жылдығы қарса­ңын­да еліміз бұ­рын­ғы Кеңес­тер одағы респуб­ли­каларының ішінде барлық жетістіктер бой­ынша едәуір алға суы­рылып шы­ғып, әсіресе, соңғы кездері халықаралық қауымдастық ара­сында өзінің беделін ай­рықша таныта білді. «Біздің еліміз Тәуелсіздігіміз­дің 20 жылдығын әлеуметтік-эко­номикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық даму ба­ры­сындағы тамаша жетістіктермен қарсы алып отыр. Аза­мат­тардың құқықтары, заңның пәр­менділігі және тәртіп мәселесі тұрақты әрі жүйелі түрде қам­тамасыз етіледі. Мемлекеттік са­тып алудың заңды­лықтарын сақ­тап, оның айқын­дылығын қам­тамасыз ету бұл са­ладағы ма­ғызды бағыттардың бірі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселе бүгінгі мәжілістің күн тәртібіне енгізіліп отыр», – деді Мемлекеттік хатшы. Расында, бұл орайда айтар болсақ, Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығы қарсаңындағы жетістігіміз Қазақстандағы ұлттық тұ­рақ­тылық, төзімділік пен этнос­аралық достық ел дамуының бір­ден-бір көрсеткіші болып табы­лады. Ата-баба арман еткен тәуел­сіздігіміздің баянды болуы да ұлтаралық сенімділік пен достық қарым-қаты­настың берік тамыр жаюы. Тәуел­сіздік жылда­рында атқарылған қыруар жұ­мыс­тың арқасында мә­дени, эко­номикалық, құқық, ден­саулық, ауылшаруашылық және т.б. қай салада болмасын халықтың әлеу­меттік жағдайы артып, тұрмысы түзелді. Бұған құқықтық шара­лардың көмегі орасан болды. Со­ның бірі – Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес мәселелері жөніндегі ко­мис­сия­ның кезекті мәжілісінде көте­ріл­ген мемлекеттік сатып алудың заңдылықтарын сақтау мәселесінің де әсері мол екендігі сөзсіз. Осы­ған орай комиссия мәжілісінде Бас прокурор А.Дау­ыл­баевтың, Эконо­ми­калық қыл­мысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес агент­ті­гінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Рес­публикалық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Ө.Өксік­баев­тың есептері тыңдалды. Александр ТАСБОЛАТОВ.