Кеңес аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 68 қадамын орындау, ұшулардың қауіпсіздігін және отандық кадрлар даярлау сапасын одан әрі арттыру шеңберінде Қазақстан арқылы авиатранзиттің тартымдылығын арттыру үшін әуе тасымалдарын мемлекеттік реттеу тиімділігін жақсарту мәселелері қаралды.
Жалпы азаматтық авиация саласы дамуының ағымдағы жай-күйі туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек баяндады.
ҚР ИДМ мәліметтеріне сәйкес жолаушылар ағымының өсу қарқыны 2017 жылға 23% құрады. ИКАО талаптарына сәйкестілік деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында екінші орында.
Инфрақұрылымдық даму тұрғысынан 15 ұшу-қону жолақтары мен 11 терминалды жөндеу жұмыстары аяқталды.
Кеңес барысында сондай-ақ энергетика министрі Қ. Бозымбаев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, «Эйр Астана» АҚ жоспарлау бойынша атқарушы директоры А. Әлғожина,«SCAT» әуе компаниясы» АҚ президенті В. Денисов, «Qazaq Air» АҚ басқарма төрағасы А. Блэр, «Бек Эйр» АҚ бас директоры С. Омаржанов және басқалары сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ҚР инвестициялар және даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен бірге жұмыс тобын қалыптастыру мен ірі және шағын авиацияны дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.