Аймақтар • 23 Ақпан, 2018

Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы базасында көшпелі отырыс өтті

656 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Тараз қаласында Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы базасында Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының іске асырылу барысы және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар өңірлік бөлімшелерінің жай-күйі туралы» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.

Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы базасында көшпелі отырыс өтті

Алтыншы сайланған Пар­ламент Мәжілісінің өкілет­тік­терін іске асырудың үшінші сес­сияға арналған негізгі іс-шара­лар жоспарына сәйкес ұйым­­дас­тырылған осы шараға Мәжіліс депутаттары, Қорға­ныс министрлігінің, ҰҚК Ше­­кара қызметінің, Ұлттық ұлан қол­басшылық құрамының өкіл­дері қатысты. 

Бейінді комитет төрағасы Мұхтар Ерман көшпелі отырысты аша келе, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы тәуелсіздік ал­ған кезден бері Мемлекет бас­шысы, Жоғарғы Бас Қолбас­шы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығы ар­қа­сында заманауи, тиімділігі жоғары, ұтқыр Қарулы Күштер құру бойынша орасан зор жұмыс атқарылғанын атап өтті.  Қорғаныс саласындағы стратегиялық құ­жат болып табылатын Қазақ­стан Республикасының Әскери док­тринасы бекітілді. Өз кезе­гінде ел Парламенті де бұл жұ­мыс­тан шет қалып отырған жоқ. Елдің қор­ғаныс қабілетін арттыруға және әскери қызметшілер мен олар­дың отбасы мүшелерінің әлеу­меттік жағдайын жақсартуға ба­ғыт­талған бірқатар маңызды заң­намалық актілер қабылданды. 
Осы жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары Қор­ғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және ҰҚК Шекара қызметі әс­кери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлік мәселелерін зерделеді.

Аталған әскери бөлімдерде депутаттар қару-жарақ құра­мын­дағы техниканы қарап шығып, механикаландырылған брига­даның әскери қызметшілерін дайындау жөніндегі тренажерлік кешеннің мүмкіндіктерімен танысты. 

Парламентшілерге заманауи қару-жарақ, әскери техника мен мүлік үлгілері, бөлімшелердің жа­уынгерлік әзірлігі көрсетілді.

Осы шара барысында М­ә­жіліс депутаттары Қорғаныс ми­нистрлігі таулы-егерлік бөлім­шесінің орналасқан жерін барып көріп, Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Мо­мыш­ұлының ескерткішіне гүл қойды.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»