Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

Ішкі істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп өткізген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабаралды.

Егемен Қазақстан
23.02.2018 10793

«Жолаушылар тасымалдау көлігі еліміздің бірыңғай көлік жүйесінің негізгі бөлігі және автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал Қазақстанда жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 500-ден астам жол-көлік оқиғасы жасалады, нәтижесінде шамамен 60 адам қайтыс болып, 800-ден астам адам жарақаттанады» - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев.

Оның сөзінше, жолаушылар көліктерінің апатына жасалған талдау көрсеткендей, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі жолда жүру тәртібін сақтамау, лауазымдық тұлғалар мен жолаушылар көлігін жолға шығаруға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылаудың болмауымен байланысты. Осындай заңбұзушылықтар үшін 5,7 млн. теңгеден астам қаржыға айыппұл салынып, автобус паркінің 190 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында оғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған жасаған 19 мың құқықбұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Атап айтқанда, еңбек пен демалыс режимін бұзудың 166 жағдайы, тиісті куәліксіз көлік жүргізудің 245 фактісі, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндеттерді орындамаудың 594 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ жылдамдықты асыру (1 135 факті), көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану (3,5 мыңнан астам факті), жолаушыларды заңсыз тасымалдау (195 факті) жағдайлары анықталды. «Жолаушыларға ғана емес, өздеріне де жауапты автобус жүргізушілерінің көлік құралын мас күйінде жүргізуінің 14 фактісі анықталды. Сонымен қатар, есірткіге еліткен күйде автобус жүргізген жүргізушілердің ұсталған кезі де болды»- деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол нақты мәліметтерді де келтіре кетті. Тексерілген әрбір алтыншы көлік құралында техникалық ақауы бар бола тұра, олардың жартысынан көбінде рейсалды бақылаудан өткені туралы белгісі болған. Жолаушылар көлігін рұқсатсыз 312 қайта жабдықтау фактілері де кездесті. Сонымен қатар, жедел-алдын алу шарасы барысында рейс алдындағы тексеруден өтпеген 65 автобус анықталып, техникалық қараудан өтпеген автобусты жүргізудің 780 фактісі белгілі болды.

Айқындалған заңбұзушылықтар, жүйелі емес тасымалдауды ұйымдастырудың бірыңғай талаптарының болмауын және автокөлік құралын рейс алдында тексеруден немқұрайлы өткізілетінін көрсетеді. «Автобус» операциясының нәтижелері бойынша қауіпсіздікті және жолаушыларды автомобильдік көлікпен тасымалдау жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалды, олар көлік және коммуникациялар саласында уәкілетті орган ретінде ИДМ-ға одан әрі қарай жетілдіру үшін жолданатын болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу