Кино • 25 Ақпан, 2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Румыниялық кинорежиссер Адина Пинтилиенің картинасы бас жүлдеге лайық деп танылды.

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

24 ақпан күні 68-ші Берлин кинофестивалінің салтанатты марапаттауы өтті. Фестивалдің қазылар алқасы румыниялық кинорежиссер Адина Пинтилиенің «Жақындама» (Touch Me Not) атты деректі фильмін «Алтын аю» жүлдесіне лайық деп таныды. Туындыға тағдырлы кейіпкерлердің өмірі мен олардың үрейлері, қорқыныштары арқау етілген. Фильмде ойдан шығарылған персонаждар мен шынайы адамдар өз тағдырын баяндайды. Фильмнің бас кейіпкері 50 жастағы Лора өзгелердің жақындауына төзе алмайды. Осылайша секс-терапевттің көмегіне жүгінуді жөн санайды. Сыншылар картинаны өте жоғары бағалап отыр. The Hollywood Reporter фильмнің шынайылығы мен операторлық және монтаж жұмыстарының кәсібилігін атады. Ал көрермендер таңдауы негізінде «Панорама» бағдарламасының бас жүлдесін Тимур Бекмамбетовтің «Профиль» атты десктоп-триллері иеленді.

Берлинале-2018 жүлделері:

«Алтын аю» сыйлығы – «Жақындама» (Touch Me Not) — Адина Пинтилие;

 «Күміс аю» сыйлығы – «Әлпет» — Малгожата Шумовска;

Киноөнеріндегі жаңаша перспективасы үшін Альфред Бауэр атындағы сыйлығы — «Мұрагер» –Марсело Мартинесси;

Режиссура үшін «Күміс аю» сыйлығы — «Иттер аралы» - Уэс Андерсон;

Үздік ер адам рөлі үшін «Күміс аю» сыйлығы — «Дұға» - Антони Бажон;

Үздік әйел адам рөлі үшін «Күміс аю» сыйлығы — «Мұрагерлер» - Ана Брун;

Үздік көркемдік жетістігі үшін «Күміс аю» сыйлығы — «Довлатов» - Елена Окопная;

Үздік дебют - «Жақындама» (Touch Me Not) — Адина Пинтилие;

Үздік деректі фильм– «Вальдхайма вальсі» — Рут Бекерманн;

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»