Қазақстан • 27 Ақпан, 2018

Қазақстандық екі әуе компаниясы Еуропаға ұшуға рұқсат алды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «FLY JET.KZ» және «Jet Airlines» АҚ авиакомпаниялары Еуропаға ұшуға рұқсат беру рәсімінен өтті, деп хабарлайды ИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында.

Қазақстандық екі әуе компаниясы Еуропаға ұшуға рұқсат алды

«FLY JET.KZ» және «Jet Airlines» АҚ авиакомпаниялары Еуропаға ұшуға рұқсат беру процедурасынан өтті. Бүгінгі таңда жеті отандық әуе компания Еуропалық одақ елдеріне ұшу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұдан бұрын «Air Astana» АҚ, «Prime Aviation» АҚ, «Каз Air Jet» АҚ, «Comlux-KZ» ЖШС, «SCAT» әуе компаниялары ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропалық агенттіктің (EASA) авторизация рәсімінен өткен болатын. Еске сала кетейік, қазақстандық әуе компаниялардан Еуропаға ұшу шектеулері толығымен алынып тасталған», делінген хабарламада.

Еуропалық одаққа рейстер ұшыру мақсатында үшінші елдердің пайдаланушылары үшін 2014 жылдың сәуір айында Еуропалық Комиссия (ТСО) оларға міндетті түрде рұқсат беру талаптарын енгізді. Аталмыш авторизациялау процедурасын ұшу қауіпсіздігі (EASA) жөніндегі Еуропалық агенттік жүзеге асырады. Рұқсат беру рәсіміне сәйкес, пайдаланушы ұшатын күніне дейін EASA-ға өтініш берулері керек.