25 Қараша, 2011

Үздік жұмыс

323 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстан Халық Банкінің Зейнет­ақы қоры ең жоғары рейтинг - А++ деңгейінде сенімділік рейтингін қата­рынан екі жыл дәлелдеген ең бірінші және жалғыз ғана зейнетақы қоры. Әсіресе бүкіл жүйе бойынша ин­вес­ти­ция­­лық табыстылықтың төмен­деуі аясында бұл – еліміздің зей­нет­ақы жүйесі үшін аса маңызды оқиға. Сон­­­­­дықтан Халық Банкі Зейнетақы қо­ры­­ның салымшылары өздерінің жи­­нал­ған ақшалары үшін алаңдамағаны жөн. Еліміздің ең ірі зейнетақы қо­рына соншалық жоғары бағаны кім және не үшін берді? Мұны әділ деп санауға бола ма? Өткен аптада Алматыда өткен баспасөз конфе­ренциясы кезінде бұл ту­ра­лы және басқа да көптеген мә­се­лелер жөнін­де зейнетақы қоры­ның, Қазақстан қор биржасының (KASE) және «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігінің бас­шы­лары сөз етті. Агенттіктің бас директорының орынбасары Арман Жахиннің ай­туынша, сенімділік рейтингі қор­дың барлық қаржы міндеттемелері бойынша, ең алдымен са­лым­шылар алдында жауапты болу қабілетін сипаттайды. – Сенімділік рейтингі инвес­тициялық стратегияның, тәуекел-менеджменттің сапасын, яғни Қор­дың бүтіндей қаржы жөнінен орнықтылығын сипаттайды, – дей­ді Жахин мырза. – Рейтингтің негізгі мақсаты – салымшыларға сенімді әрі түсінуге барынша оңай зейнетақы қорын таңдау тәсілін ұсыну. Бүгінде зейнетақы қорлары клиенттерінің көбі ин­вестициялық табыстылықты қор жетістігінің басты көрсеткіші деп санайды. Алайда елемеуге бол­май­тын тағы бір көрсеткіш бар, ол – сенімділік. А++ рейтингінің деңгейі бүгінгі күні сенімділіктің ең жоғары бағасы болып та­бы­лады. Халық Банкінің Зейнетақы қоры мұндай рейтингті зор еңбе­гімен алды: біз меншікті капитал жеткіліктілігінің жоғары көр­сет­кіштерін, тәуекел-менеджменттің сапасын, инвестқоржын тәуекел­дігінің төмен деңгейін атап айт­тық. Оның құрылымы бүтіндей теңдестірілген және әртарап­тан­дырылған. Сондай-ақ біз қордың өлшемдік сипаттамасына да оң баға бердік – ол нарықта 33 пайыз үлесі бар ең ірі қор. Қордың ұзақ мерзімді кезеңдегі жоғары табыс­тылығы және оны акционер­ле­рі­нің өз тарапынан қолдау мүмкін­дігі ескерілмей қалған жоқ. Рейтинг агенттігі қызметті ба­ғалаған кезде Қордың дамуына оң ықпал ететін және тежеуші фак­торларға баға берді. Агенттік тежеуші факторлардың қатарына ва­люталық тәуекелге ұшырағыш­тық пен қызметті стратегиялық қам­тамасыз етудегі болмашы кемшіліктерді жатқызды. Алайда мұ­ның бәрі сенімділіктің ең жоғары рейтингін иеленуге әсер еткен жоқ. Қазақстан Қор биржасының ви­це-президенті Андрей Цалюк зей­нетақы қорларының рейтинг алу тәжірибесін биржа мейлінше қолдайтындығын баса айтты. Рейтингті Қазақстандағы 11 ЖЗҚ-ның 3-уі алған. – Қазір 2012 жылдан бастап зейнетақы қорлары биржаның лис­тинг компаниялары бола алатыны жөніндегі мәселе қаралып жатыр, – деп түсіндірді Цалюк мырза. – Осының арқасында ЖЗҚ айқын­дығы едәуір өседі, ал зейнетақы қорларының акциялары халыққа ұсынылады. Әлбетте, листинг про­цедурасынан өткен кезде сенімділік рейтингінің болғаны жа­ғымды фактор ретінде ескеріледі. Дегенмен, салымшылардың бар­лығы бірдей қордың өзі халыққа беретін ақпараттың негізінде ЖЗҚ-ның қар­жылық есеп-қи­са­бын қа­рап, бағалай алмайды. Са­рапшы­лар­дың қорға сенуге бола ма болмай ма екендігі туралы тәу­елсіз бағасы болған кезде, таңдау жасау әлдеқайда жеңілірек. Журналистің неліктен рейтингілеуге Қазақстанның 11 зейнет­ақы қорының 3-уі ғана қатысты деген сұрағына Арман Жахин: бұл ЖЗҚ-ның салғырттығынан, – деп жауап берді. – Рейтинг – байланысқа түсу арқылы, яғни барынша көп құ­жатты зерделеуге ұсынған кезде қордың бастамасы бойынша беріледі, – деді «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі бас ди­рек­торының орынбасары. – Жалпы, рейтингке деген қызығушылық бар, кейбір қорлар рейтинг алғы­сы келеді, бірақ қаржы көрсет­кіш­тері мәз емес болғандықтан шығар, бұл процедураны қазір бастай алмайды. Сенімділік рей­тин­гінің болуына немесе бол­мауына қарай қордың айқындығы туралы пікір түюге бола ма? Әрине. Ұйымның бізбен сұхбат­тасуға даярлығы – ашықтықтың индикаторы. «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы­ның орынбасары Майра Кичи­ги­наның айтуынша, Қор саясаты әр уақытта қоржынды сапалы ұс­тау­ға бағыт­талды және солай болып қалады. Халық Банкінің Зейнетақы қо­рына «Эксперт РА Казахстан» агент­тігі берген сенімділік рей­тин­гінің кредиттік рейтингке еш қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Сенімділік рейтингі қара­пай­ым салымшыларға арналса, кредиттік рейтинг инвесторлар мен кредиторлардың ұйым қыз­метін бағалауына беріледі. Қазақстанда ЖЗҚ сенімділігін рейтингілеу процедурасы ерікті болғандықтан, әр салымшының мамандардың берген бағаларына сенуіне немесе сенбеуіне құқығы бар. Алайда Қазақстан қор бир­жа­сының вице-президенті Андрей Цалюктің ойынша, мұндай рейтингі болса, әрине, сол немесе басқа зейнетақы қорының пай­да­сына таңдау жасауға болады. Ольга ШУЛЬБИНА. Алматы.