Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таев­тың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жө­ніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес

Отырыста зияткерлік мен­шік құқықтарын қорғау, салық­тық заңнаманы жетілдіру және ин­вестициялық дауларды шешудің жаңа құралдарын табу бағыттары бойынша елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту тұрғысынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды.

Талқылауға Әділет министрі Марат Бекетаев, Америка сауда палатасының атқарушы дирек­торы Дорис Брэдбюри, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, Ұлыбританияның Қазақ­стандағы елшісі Майкл Гиффорд, Канаданың Қазақ­стан­дағы ел­ші­сі Николас Бруссо, ЕО де­лега­циясының саясат жө­нін­дегі бөлім басшысы Золтан Сза­лай, ЭЫДҰ қоғамдық басқар­ма ди­рек­торы Маркос Бонту­ри, De­loitte халықаралық салық, энергетика және ресурс­тар мәселелері жө­нін­дегі серіктесі Эн­тони Мэхон, Baker & McKenzie серіктестері Кёртис Мас­терс пен Андрей Ерш, White & Case Ka­zakhstan басқарушы серіктесі Максим Телемтаев, Coca-Cola Al­maty Bottlers бас менеджері Ах­мет Ертин қатысты.