Спорт • 01 Наурыз, 2018

Өрендер жекпе-жекке шықты

412 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 1000-нан астам спортшының қатысуымен шығыс жекпе-жегі фестивалі өтті. «Спорттық Алматы» жобасының аясында ұйымдастырылған айтулы шарада аралас жекпе-жек, «Fullcontact karate», «Shotokan karate», «Taekwondo» және «Combat aikido» спорт түрлерінен арнайы жарыстар ұйымдастырылды. 

Өрендер жекпе-жекке шықты

Соңғы жылдары шығыс жекпе-жегіне жататын спорт түр­лерімен айналысуға ден қойған ел жастарының саны артып келеді. Үздіктер бәсекесінде еліміздің бірнеше қаласы мен көршілес Қырғызстаннан келген 5-17 жас аралығындағы спортшылар бақ сынады.

«Бағанашыл» спорт ке­шенінде өз өнерлерін көр­сеткен спортшылар, боз кілем­де аянып қалған жоқ. Нәти­же­сін­де, әр жас, салмақ дәре­же­лерінде жеңімпаздар мен жүл­де­гер­лер анықталып, үздік деп таныл­ған­дар медаль, диплом және ар­найы кубокпен марапатталды. Со­нымен қатар спорттың әрбір тү­ріне арнайы сыйлықтар беріліп, «ең үздік техника», «жеңіске деген жігері үшін» және «ең қысқа жекпе-жек» аталымдары бойынша нағыз мықтылар сараланды.

– Бұл жарыстан алған әсе­рім ерекше. Таэквандодан бі­рін­ші орын алып, екі айлық дайын­дығымның зая кетпегенін дә­лелдедім. Өте ризамын, қар­сы­­лас­тарым да осал болмады. Бұл спорт түрімен айналыс­қаны­ма екі жыл болды, өте ыңғайлы әрі тех­никалық спорт деп санаймын. Ел чемпионаты мен халық­аралық жарысқа да қатысып үлгер­дім, нәтиже жаман емес, – дейді таэквондадан +65 кг салмақ дәрежесінде топ жарған алма­тылық Нұржан Жұмабаев. 

Нұржаннан бөлек спорттың басқа да түрлері бойынша жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздардың қуанышында шек жоқ. Жүлделі орынға ілікпегендердің де жүзі­нен өкініштің нышаны байқал­майды. Ең бастысы өзара тәжі­рибе алмасуға мүмкіндік туғы­за­тын осындай фестивальдер мен жарыстар жиі өтіп тұрса дейді жас спортшылар. 


Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ