Музей күнделікті жұмысында өз көрермендерін еліміздің өнер әлеміне қосылған жаңа буын өкілдерімен таныстыру арқылы талантты жастардың шығармашылығын қолдап қазіргі кезеңдегі ұлттық өнер жетістіктерін насихаттауға үлес қосуда. Аталған көрме қалыптасуға, кәсіптік өсуге, біліктілікті қадағалауға, көрменің қатысушыларының шеберлігін, сондай-ақ тұтас көркемдік деңгейдегі көрінісін, дәстүріне, мектептеріне және шығармашылығына тұтас көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Авторлардың туындылары – олардың бай, рухани әлемінің көрінісі. Суретшілердің шығармаларында әртүрлі табиғи ландшафтар, этностық сюжеттер және тағы басқа туындылары ерекше көрініс тудырады. «Жаңғыру-2018» көрмесіне өз туындыларын қойған авторлар әрқайсысы жеке-дара, әрқайсының өзіндік қолтаңбасы және стилі бар.
Мың бір жылға иек артқан салтанатты шаһардағы өтіп жатқан көрме – бұл арайлы Алматыдағы ең үздік жас суретші-педагогтардың өзгеше шығармашылық жетістіктерінің есебі дерлік. Олар мың құбылған көңіл көгінің асқақтығы арқылы өздерінің кәсіби жетістіктерімен бөліскені деп білеміз. Еліміздің жарқын болашағын зерлі бояулардың танытар арайлы шапағы дерсіз.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ