Қазақтың көрнекті ақыны, Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 125 жыл толады. Академия осыған орай Түркістан идеясын ту еткен ақынның шығармаларын шет тілдерге аударып, басып шығаруды қолға алды.
Атап айтқанда, Академияның ғылыми жобасы аясында классик ақынның шығармаларын өзбек тіліне белгілі ақын Музафар Ахмад, моңғол тіліне ақын-аудармашы Жүкел Хамай, алтай тіліне шығыстанушы ғалым, ақын Бронтай Бедюров, әзербайжан тіліне Фузули Маджидли аудара бастады. Бұдан бөлек, Мағжанның жырларын қырғыз, мажар тілдеріне аудару жоспарланған. Айта кетерлігі, былтыр Академия Махамбеттің шығармаларын моңғол тіліне аударып, басып шыққан болатын.
Сонымен қатар, брифингте TWESCO-ның Түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен бірлесіп жыл бойына ақынның өмірі мен әдеби мұрасына арналған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғаны жөнінде айтылды.