Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Елбасы: Алғыс айту күнінің басты мəні – тарихи жадыны сақтау

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралары өтті. Атап айтар болсақ, дəл қазір қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Мың алғыс» салтанатты концерті басталды. 

Елбасы: Алғыс айту күнінің басты мəні – тарихи жадыны сақтау

Концерттің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған құттықтау сөзін оқып берді. 

«Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз.

Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы  Қазақстан халқын біріктіреді.

Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.

Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады.

Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!», делінген Президент хатында. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"