Қоғам • 01 Наурыз, 2018

Публицист, сатирик Үмбетбай Уайдин өмірден озды

983 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 83 жасқа қараған шағында қазақ сатирасының сардары, жазушы, публицист, журналист Үмбетбай Уайдин өмірден озды.

Публицист, сатирик Үмбетбай Уайдин өмірден озды

Үмбетбай Уәйдаұлы 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

Қазақ радиосы, «Ара-Шмель» журналы, Қазақфильм киностудиясы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Көп жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде және Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды балалар мектеп-интернатында ұстаздық еткен.

Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарының құрметті азаматы. Жекелеген кітаптары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. «Қара көзілдірік», «Ендігісін айтпаймын», «Ішің білсін», «Контейнермен келген кемпір», «Тілсіз қоңырау», «Быды-быды», «Нанайын ба, нанбайын ба?», «Пәлен-пәштуан», "Әумин!», "Атың кім, әй?», "Алло, бұл кім?» сынды өлеңдер және әзіл- сықақтар жинақтары жарық көрген.