Футбол • 01 Наурыз, 2018

Григорий Бабаян – «Астана» командасының бас бапкері

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде тағайындалғаннан кейін, «Астана» командасының тізгінін Григорий Бабаян ұстады. 

Григорий Бабаян – «Астана» командасының бас бапкері

Фото: fca.kz

Григорий Константинович «PRO» жаттықтырушы санатына ие, ұзақ уақыт бойы Қазақстан құрамасында, «Астана», «Цесна» және «Алма-Ата» футбол клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

Бабаян әр кезеңде Мирослав Беранек, Бернд Шторк, Антониус Йора, Иоан Андоне, Юрий Красножан, Олег Протасов және Станимир Стоиловтың жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеді.

2014 жылы қазақстандық маман елордалық команданы маусымға дайындап, сол жылдың жазына дейін бас бапкердің міндетін атқарды. Бапкер ретінде Қазақстан Чемпионатында төрт мәрте жеңімпаз атанып, үш рет Кубокта және Суперкубокта топ жарды.