Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Бақытжан Сағынтаев бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Отырыста қазақстандық мұнай сервисінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ТКШ дамыту, сондай-ақ кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.

Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Е. Досаев пен А. Жұмағалиев, қаржы министрі Б. Сұлтанов, энергетиканың бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаев, сондай-ақ Сараптама кеңесінің мүшелері: «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, Globalink Logistics Group бас директоры С. Хан, Raimbek Group директорлар кеңесінің төрағасы Р. Баталов, PWC өкілі Н. Ефимчук, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев, Astana Group президенті Н. Смағұлов, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Д. Жүнісова қатысты.