Қазақстан • 02 Наурыз, 2018

«Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толықты

304 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында 1 наурыз – Партия күніне орай ұйым қатарына қабылдау салтанаты өтті. 

«Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толықты

Шараға жас нұротандықтармен қатар, ұйымның қалыптасуына зор еңбек сіңірген алдыңғы буын өкілдері де арнайы қатысты. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев барша нұротандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, жұмыс­тарына табыс тіледі. Сондай-ақ ол «Нұр Отанның» алдында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген пар­тия қызметін жаңғыртуға бағыт­талған маңызды міндеттер тұр­ғанына назар аударды.

Осыдан тура 19 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың 1 наурызында партияның бірінші тарихи съезі өтіп, онда Елбасы бірауыздан «Нұр Отан» партиясының Төр­ағасы болып сайланды. Содан бері партия жылнамасына ал­тын әріптермен жазылған дәл 1 наурызда Партия күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Осы уақыт аралығында «Нұр Отан» халқымыздың әлеу­мет­тік жағдайын жақсартып, Қазақ­станның дамуына бағытталған Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­рысында Мемлекет басшы­сы еліміздегі жетекші саяси күш­ті ХХІ ғасырдың барлық талаптарына сай, инновацияға бе­йім, жоғары технологиялы, креативті партияға айналдыру жөнінде нақты тапсырма берді. Соған орай нұротандықтардың білек сыбанып іске кіріскенін айтқан Мәулен Әшімбаев Ел­басы жүктеген міндеттерді орын­дау үшін кадрлық аудит жүр­гізу, сараптамалық жұмыс­тарды күшейту, жастарды көптеп жұмылдыру сияқ­ты тың бастамалардың берері мол еке­ніне тоқталды. Осындай игі істер «Нұр Отанды» замананың жаңа биігіне көтермек.

– Біз өзіміздің басты мін­детімізден жа­ңыл­май, Елба­сы­ның сенімді тірегі болып, елі­міз­де қолға алынған жаңғырту жұ­­мыс­тарына жүйелі түрде қаты­суымыз керек. Халықты алаң­­датқан қоғамдағы өзекті мәсе­­лелерді жедел әрі оңтайлы шешу үшін де «Нұр Отан» елмен етене жұмыс істеп, барлық бастаманың басы-қасында болуы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Осы ретте бүгінгі мерекеге орай елі­міз­дің барлық өңірінде партия қатарына қа­былдау рәсімі өткізілгенін атап өткен жөн. Астана қаласының өзінде әр салада ең­бек етіп жүрген 19 азаматқа пар­тия билеті табыс етілді. Олардың қатар­ында «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім» жо­ба­сының қаты­сушылары – тоғызқұмалақтан спорт шебері Әсел Дәлиева, волейболдан пара­лим­пиадалық жастар құрамасы­ның капитаны Серік Есматов, шы­ғысқазақстандық мұғалім Валентин Алифанов, «Үздік пе­дагог-2017» төсбелгісінің иеге­рі Александр Кинцель және опера әншісі Медет Шотабаев бар. Сондай-ақ жоғары санатты хирург Данияр Жақыпов, «Зер­­де» ұлттық холдингінің бас­қар­ма төр­ағасы Руслан Еңсе­баев, қарағандылық кәсіп­кер Люд­мила Ваймер, Назарбаев Универ­­ситетінің студенті, «Ком­пьютерлі физика» халық­аралық олимпиадасының жеңім­­пазы Мират Жекеев, солтүстік­қазақ­­стандық кәсіпкер Иван Зен­ченко, Құрман­ғазы атындағы рес­публикалық байқаудың гран-при иегері Қайрат Кәкімов, педа­гогика ғылымдарының магис­трі Әсел Қожах­ме­това, Қара­ғанды облысындағы «Ата­ме­­кен» кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Құлпейісов, қостанайлық жас кәсіп­керлер Нұрсұлтан Қасымов пен Қа­дыржан Мақанғали, «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық қоз­ғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Астана Inno­vations» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Олжас Сар­таев және PhD, доцент Жанар Тайжанова да бүгін партиялық билеттерін алды.
Жаңадан қабылданған нұр­отандықтарға партиялық билет­терін салтанатты жағдайда тап­сырған Мәулен Әшімбаев олар­дың Ел­басымыздың салиқалы сая­сатын жүзеге асы­руға және партияның одан әрі дамып, нығаюына үлкен үлес қоса­тын­дарына сенім білдірді.

– Біз партия қатарына өз ісінің шебері, патриот, елімізді жаң­ғыртуға мүдделі, партия күн тәртібін жүзеге асыруға қатыс­қысы келетін азаматтарды қабылдауымыз керек. Бүгін партия мүшесі атанып отыр­ған жандарды солардың қатар­ында деп есептеймін. Біз сіздерді үнемі қолдап отырамыз. Ал­дағы уақытта еліміздің жарқын болашағы жолында бірлесіп жемісті жұмыс істеп, биік бе­лес­терді бағындырамыз деп сенемін, – деді партия Төрағасының бі­рінші орынбасары.

Іс-шараға «Нұр Отанның» саяси ұйым ре­­тінде қалыптасып, бү­г­інгідей биік дәре­жеге же­туіне зор еңбек сіңірген партия ар­да­герлері мен құрметті мүше­лері де арнайы ша­қы­рылды. Мәу­лен Әшімбаев ел дамуы жолында еселі еңбек еткен жандарды партия Төрағасы және барша нұротандықтар аты­нан кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс білдірді.

Іс-шара соңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рінші орынбасары барша қазақстандықтарды Алғыс ай­ту күнімен құттықтап, бұл күн­нің партиямыздың басты мере­кесімен қатар келуінде үлкен мән бар екенін айтты. Сон­дай-ақ ол Алғыс айту күні Қазақ­стан халқының ынтымағы мен бір­лігін арттыратын аса зор маңызға ие екенін де сөз етті.

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»