Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Минскіге барып қайтты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Минскіге барып қайтты.

 

Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Минскіге барып қайтты

Вице-премьер Беларусь Рес­пуб­ликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевскиймен және байланыс және ақпараттандыру министрі Сер­гей Попковпен кездесті. Та­раптар екі елдің ақпараттық тех­нологиялар саласындағы ынты­мақтастығы мүмкіндіктерін талқылады.
Одан әрі Қазақстан өкілдері Беларусьтің Жоғары технологиялар паркіне барды. Парк рези­денттері түрлі салаларға арнал­ған бағдарламалық қамсыз­дан­дырулар, цифрлы шешімдер әзірлеумен айналысады. «Жо­ғары технологиялар паркінің әкім­шілігі» МБ директоры Всеволод Янчевскийдің айтуын­ша, ішкі нарықтың болмауына бай­ланысты стартаптар әуелден шетелдік компаниялармен бәсе­ке­лестікке бағдарланған, сон­дықтан да олардың өнімдері са­пасымен және бірегейлігімен ерекшеленеді. Бүгінде бірнеше беларусьтік стартаптар дүние­жү­зілік танымалдыққа ие болған.
Жоғары технологиялар пар­кінің тәжірибесі қазақстандық Астана IT-Hub үшін пайдалы бо­луы мүмкін. Кездесу соңында та­раптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келді, ол Астана IT-Hub алаңында жал­ғасуы мүмкін.

Бұдан өзге, қазақстандық делегация қала инфрақұрылымына, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік және т.б. салаларға ар­налған цифрлы шешімдерді ұсын­ған беларусьтік компания­лармен бірқатар кездесулер өткізді. Компаниялар қа­зақ­­стандық нарық әлеуетінің зор екеніне көз жеткізіп отыр жә­не «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­­ламасының жобаларына қа­тысуға әзір.