Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Орталық коммуникациялар қызметінде ветеринарлық қауіпсіздік тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Тұрсын Қабдолданов және аталған комитеттің биологиялық қауіпсіздік басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымованың қатысуымен ветеринарлық қауіпсіздік тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

 

Орталық коммуникациялар қызметінде ветеринарлық қауіпсіздік тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті

Биыл 28 аса қауіпті жұқпалы мал ауруына қарсы 74 млн диагностикалық тексеру және 142,4 млн мал мен құсты егу жоспарланып отыр. Сібір жарасына қарсы мал басын 100 пайыз қамту, аусылға қарсы 5 облыстың мал басын толығымен қамту және туберкуллезге аллергиялық бойынша тексеру жүргізіледі. Жалпы, ветеринарлық қауіпсіздік пен тамақ қауіпсіздігі бір-бірімен тығыз байланысты. Төл алынғаннан кейін төлдің құлағына салынған сырға, малды егу шаралары, тексеру жұмыстары және тасымалдануы, өсірілуі Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырында болса, өнім алынғаннан кейінгі мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында. Бүгінгі таңда осы мәселені бір мекеменің құзырына беру қарастырылуда. Өйткені өнім тасымалданған кезде кемшіліктер шығатын болса, оның өндірілген орнын білу құзыреті Денсаулық сақтау ми­нистрлігінде жоқ. Бұл мәселе Ауыл шаруашылығының қарауында. Бар­лық атқарылатын жұмыс бір ғана ве­дом­ствоның, яғни Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің құзырында болғаны жөн деп санаймыз», деді Тұрсын Қаб­долданов.

Сонымен қатар ол бруцеллез ауруына да тоқталды.

«Бруцеллез ауруы әлемде 1930 жыл­дан бастап орын алып келеді. Бұл созылмалы індет. Елімізде сауын сиырлар екі рет, күзде және көк­темде, ал бұқалар әр тоқсан сайын төрт рет тексеріледі. Біз жылына 7 мил­лион­дай мал тексереміз, 24 мил­лион қой­дың қанын тексереміз. Соның іші­нен жылына 20-21 мыңдай мал бру­целлезге ұшырайды», деді Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Вете­ри­нарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы. 

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»