Аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 85 отбасыға, 1000-ға тарта киім таратылып берілді. Оған ауданның кәсіпкерлері, мекемелер белсенді түрде қатысты. Осыншама отбасына қол ұшын созып, қуаныш силаған демеушілер де ескерусіз қалған жоқ. Әрине, ең бірінші олар тұрғындардың алғысын алды, сондай-ақ аудан әкімі Салыхан Полатов Созақ ауылынан Ыдырыс Жұманазаров, Таукент кентінен Ошақбай Мырзабеков, Ақсүмбе ауылына түрлі шараларға демеушілік жасаған Ербол Қарнақбаев, Жуантөбе ауылында жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмектер көрсеткені үшін Анас Жайлаубай сынды азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»