Биылғы Еременко кубогы халықаралық турнирі «Қайрат» үшін аса сәтсіз басталды. Бірінші турда Ресейдің «Норильский никель» клубынан ұтылып қалған болатын.
Бірақ бұдан кейін қарқынын үдетіп, қалған екі қарсыласын да 7:3 есебімен тізе бүктірді. Ал «Қайратты» ұтқан «Норильский никель» клубын осы елдің екінші клубы тізе бүктірді.
Атап айтқанда, КПРФ өз жерлестерін ұтып, жеңімпаз атанудан дәмелі еді. Оларға соңғы ойында алматылықтардан бір доп айырмасымен ұтылса да, жеткілікті болатын. Бірақ Какаудың шәкірттері олардың ырқына көне қоймады...