Оңтүстік Қазақстан • 03 Наурыз, 2018

ОҚО-да суретші Мұхтар Бекеновтың жеке көрмесі ашылды

76 реткөрсетілді

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі,  Əлем халықтар өнері қауымдастығына еңбек сіңірген суретші Мұхтар Бекеновтің "АRT QUEST" жеке сурет көрмесі ашылды.

М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №8 оқу ғимаратында шымылдығы түрілген шығармашылық туындылар топтамасы көрмесінің ашылуына ОҚО Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі, облыстық Мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының басшылары мен қызметкерлері,  республикалық, халықаралық сурет, кескіндеме саласында танымал қылқалам иелері жəне аталған оқу орнының ұстаздары мен студенттері, жас суретшілер қатысты.

Көрмеге қойылған 100-ден туынды ғұмыр тарихын ішкі ой, асқақ арман-қиялдың əрбір сəтін майлы бояу тілімен суреттеп, өз иіріміне еріксіз тартқан дарынды суретші бойындағы елге, жерге, өңіріміздегі киелі, тарихи мекендерге құрмет пен махаббат,  əрбір жыл мезгіліндегі құбылыстарға шынайы сүйіспеншілік,  көзге көрінбес нəзіктікті жүрекпен ұғынып шығармашылық тілімен бейнелеген айрықша қасиетімен баурайды. Әсіресе, "Қожа Ахмет Ясауи кесенесі" , "Мойынқұм", "Бексейіт Түлкиев", "Қасқасу өзені", "Жазғы жаңбыр" атты  туындылар көпшілікке ерекше əсер сыйлап, суретпен пен суретші арасындағы сырлас байланыстар бірден аңғарылады.

Дарынды қылқалам иесі бала кезден сурет өнеріне əуестеніп, өз қабілетін шыңдай келе өз биігін бағындырған ұстаз суретшіге айналды. Мұхтар Бекеновтің жеке сурет көрмесі "Жеті Асар"  атауымен бұған дейін Шымкент қаласында  үш рет ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Германия, Қытай елдерінде де төл туындылары орналастырылған. Алдағы уақытта, "ART QUEST" көрмесін Астана жəне Алматы қалаларында өткізу жоспарлануда.

Шараны облыстық Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан құттықтау сөзбен ашып беріп, замандас, əріптестері жылы лебіздерімен бөлісті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар