Жүз жылғы суретімен келіп жеткен,
Қыздары қазағымның керім неткен!
Сәукеле, кәмшат бөркі үкілеген,
Сан бұрым шашбаулатып, өрімдеткен.
Ай нұрлы арулардың ғажабын-ай,
Ақ дидар, күлімдеген ажарын-ай,
Қыздарын қай заманда болса дағы
Құлпыртқан қызғалдақтай қазағым-ай!..
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»