Соның ішінде Президент екінші бастамасында төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді тапсырды.
«Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық жүйесін алуды ұсынамын» деп мәлімдеді Елбасы.
«Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек», деді Президент.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы 1 айлық есеп көрсеткіш 2405 теңгені құрайды.