Президент • 05 Наурыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамаларды жариялады

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамаларды жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамаларды жариялады

«Бүгін Қазақстан Республикасының Парламентінде халыққа жаңа әлеуметтік бастамалармен сөз бастаймын. Мен бұл істі бұрныннан ойлап жүрген едім, бірақ бізге күш пен қаржы жинау қажет болды. Енді міне оның уақыты келген секілді. Қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайта түсуге қажетті нақты күш-жігер қабылдайтын әрі оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асыратын уақыт жетті. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясы жаңа мәнге ие болуы керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде әрбір қазақстандықтың жағдайын одан ары жақсартуға негізделген жаңа әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Парламент палаталарының және Үкіметтің бірлескен отырысына бастамашылық еткенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ұсынылып отырған барлық ұсыныс жан-жақты қарастырылғанын және қазіргі уақытта іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жалғасы болатынын айтты.