Кино • 05 Наурыз, 2018

«Оскар-2018» лауреаттары марапатталды

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Лос-Анджелесте Америка киноакадемиясының «Оскар-2018» сыйлығымен марапаттау шарасы өтті. 

«Оскар-2018» лауреаттары марапатталды

90 рет өткізілген марапаттауда Гильермо дель Тороның «Су пішіні» мелодрамасы мен Кристофер Ноланның «Дюнкерк» әскери драмасы ұтқан номинация саны жағынан алға озды: «Су пішіні» - 4, «Дюнкерк» - 3 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

Лауреаттар тізімі:

Үздік фильм: «Су пішіні» (Гильермо дель Торо, Дж. Майлз Дэйл)

Үздік актер: Гари Олдман – «Ауыр кезең»

Үздік актриса: Фрэнсис МакДорманд – «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд»

Екінші пландағы үздік актер: Сэм Рокуэлл - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд»

Екінші пландағы үздік актриса: Эллисон Дженни – «Мен, Тоня»

Үздік анимациялық фильм: «Коко құпиясы» (Ли Анкрич, Дарла К. Андерсон)

Үздік операторлық жұмыс: «Жүзбен жүгіруші 2049» (Роджер Дикинс)

Үздік костюм дизайны: «Көрінбейтін жіп» (Марк Бриджес)

Үздік режиссер: Гильермо дель Торо – «Су пішіні» (Гильермо дель Торо)

Үздік деректі фильм (толық метр): «Икар» / «Icarus» (Брайан Фогель, Дэн Коган)

Үздік деректі фильм (қысқа метр): «Жұмақ - 405 шосседегі кептеліс» / «Heaven is a traffic jam on the 405» (Фрэнк Стифел) 

Үздік монтаж: «Дюнкерк» (Ли Смит)

Шет тіліндегі үздік фильм: «Фантастика әйел» / «Una mujer fantástica» - Чили (Себастьян Лелио)

Үздік грим және шаш үлгісі: "Ауыр кезең" (Kazuhiro Tsuji, David Malinowski, Lucy Sibbick)

Үздік композитор: «Су пішіні» (Александр Депла)

Үздік ән: Remember me – «Коко құпиясы» (Kristen Anderson-Lopez, Robert Lopez)

Үздік қоюшы-суретші: «Су пішіні» (Пол Д. Остерберри, Шэйн Виё, Джеффри А. Мелвин)

Үздік қысқа метр (анимация): «Қымбатты баскетбол» / "Dear Basketball" (Глен Кин, Коби Брайант)

Үздік қысқа метр (көркем): «Мылқау бала» / "The Silent Child" (Крис Овертон, Рэйчел Шентон)

Үздік дыбыс монтажы (sound editing): «Дюнкерк» (Richard King, Alex Gibson)

Үздік дыбыс үйлесімі (sound mixing): «Дюнкерк» (Mark Weingarten, Gregg Landaker, Gary A. Rizzo)

Үздік визуал эффектілер: «Жүзбен жүгіруші 2049» (John Nelson, Gerd Nefzer, Paul Lambert, Richard R. Hoover)

Үздік бейімделген сценарий: «Мені өз атыңмен шақыр» / «Call Me by Your Name» (Джеймс Айвори)

Үздік түпнұсқа сценарий: «Аулақ» (Джордан Пил)

Салтанатты кешті жүргізген - Джимми Киммел.