Аймақтар • 05 Наурыз, 2018

Маңғыстауда жол жұмыстары қарқынды атқарылуда

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімдігінің аппарат отырысының күн тәртібінде инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019  жылдарға  арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік  бағдарламасын  іске асырылу барысы, Қазақстан  Республикасында  діни экстремизм  мен  терроризмге қары іс-қимыл  жөніндегі 2013 – 2017  Мемлекеттік  бағдарламасын  іске асыру қорытындысы қаралды. 

Маңғыстауда жол жұмыстары қарқынды атқарылуда

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019  жылдарға  арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік  бағдарламасын  іске асырылу барысы туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әліби Көшірбаев баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2020 жылға дейін облыстық хабтарды Астана қаласының орталығымен байланыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Боржақты-Ерсай» теміржол желісінің құрылысы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған жол бойында пойыздар құрылыс жүктерін жеткізе бастады.

Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту - құрғақ жүктерді жылына 3,0 млн тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар заманауи көп мақсатты терминал құрылысы  бойынша, 2017 жылы металдар, астық, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары және т.б. қоса алғанда, 1 016 600 тонна жүк тасымалданды. Инвестициялық жобалар қатарында «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесіндегі автокөлік жолдарын қайта құру жұмысы да бар. «Шетпе-Жетібай-Ақтау» тас жолының ұзындығы 170 км құрайды. Жұмыстар толық аяқталып, 2017 жылдың желтоқсанында нысан іске қосылды. Сонымен қатар, Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану бойынша  2018 жылдың қаңтарында Құрық порты арқылы тасымалданған жүк көлемі 89,7 мың тоннаны құрады. Құрық порты дамуының екінші кезеңінде порт суы учаскесін тереңдету жұмыстары, автопарк құрылысы бойынша жұмыс 100%, шығыс суларының гидроэлектрлік құрылыстары 65%, батыс суларының 68% жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, қосалқы және сервистік мақсаттағы объектілер мен көлік объектілері құрылысы жүріп жатыр. Ал, 5Шетпе-Бейнеу жолын қайта жаңарту жұмысының аяқталу мерзімі 2018 жылдың 3-тоқсанында жоспарланған. «Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы» автожолын қайта құру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Қайта құру аяқталғаннан кейін қозғалыстың орташа жылдамдығы 50-ден 100 км / с-қа дейін артады. «Жетібай-Жаңаөзен» автожолын қайта құру бағытында 2018 жылдың наурызында мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы