Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда жеңіс жетті. Бұл қашықтықты 33 минут 11,9 секундта бағындырды.
Екінші орынды 9,1 секундқа кешігіп келген ресейлік Александр Большунов иеленсе, үздік үштікті Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы финляндиялық Ийво Нисканен (+20,9) түйіндеді.
Айта кетейік, Александр Полторанин Оңтүстік Кореяда өткен марафон стиліндегі 50 шақырымда 15-орынға тұрақтаған болатын.