Оның айтуынша «2018 жылы елорда аумағындағы тасқын суға қатысты кешенді жоспар» бекітілген. Қазіргі кезде Майбалық көлі маңын, Қызылсуат пен одан жоғары аумақтарды маршруттық зерттеу бойынша топ жұмыс жүргізуде. Ол жақта көп су болады деп күтіліп отырған жоқ.
«Қазіргі уақытта, Майбалық көлінің 20% сыйымдылық қоры бар. Бүгінгі таңда мұнда 60 миллион текше метр су бар. Жалпы сиымдылығы - 82-84 миллион текше метр», - деді Қосман Айтмұхаметов.
Сондай-ақ, «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының жеке секторларын аралау жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта аудан әкімдіктері тиісті жұмыс жүргізуде, жағдай тұрақты.
Оның айтуынша, қазіргі кезде қаланың басты көшелерінде жауын суларын ағызу канализацияларын ашу жұмыстары басталды.
Ертең күндіз +3 ... + 5 °C жылы, 30 м/с жылдамдыққа дейін жететін қатты жел болады деп күтілуде.