Қазақстан • 06 Наурыз, 2018

С.Омаров: Еліміздің дамуына жаңа серпін береді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр адам үшін өмірінің мәнін ай­­қын­дайтын базалық нәрселер бар екені сөзсіз. Мұның қа­тарына мен­шікті баспана, бала­лардың білімі, сон­дай-ақ мате­риалдық тәуелсіздік жатады.

 

С.Омаров: Еліміздің дамуына жаңа серпін береді

Президенттің бүгінгі Үн­деуі дәл осы аталған міндет­терді шешуге бағытталған. Мә­селен ха­лық­тың қалың топтары үшін ипоте­каның қол­жетімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы «7 – 20 – 25» бірегей бағ­дар­ламасын ұсы­нып отыр, бұл қазақстан­дық­тарды тұр­ғын үй­мен қамтамасыз етіп қана қой­май, сондай-ақ мульти­плика­­тивтік әсер арқылы эконо­миканың дамуына жаңа серпін беретін болады.

Қазіргі уақытта Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайында жүргізіліп жатқан іс-шараларды бі­лікті кадрларсыз іске асыру мүм­кін болмайды. Осыны ескере оты­рып, Мемлекет басшысы білім бе­рудің қолжетімділігі мен сапа­сына айрықша назар аударуды ұсынып отыр. Бөлінген мем­­лекеттік гранттарға қосым­ша бө­лінетін 20 мың грант елдің эко­номикасын жаң­ғырту мін­деттерін шешу үшін жоғары санатты техни­калық мамандардың келуін қамта­масыз етуге тиіс.

Азаматтарымыздың ма­те­­­риал­дық әл-ауқаты жөнін­де айтқан кезде Елбасы жұ­мыс­керлердің жала­қысы төмен санаттары үшін салық салуды қайта қарау қажеттілігін ерекше атап көрсетті, бұл жұмыс бе­ру­шілерге түсетін жүктемені ұл­­ғайт­пай, олардың еңбегіне төле­­нетін ақыны арттыруға мүм­кіндік береді. Сонымен бірге, микрокре­дит беруді ке­ңейту, әсіресе, ха­лық­тың басым бөлігін өзін өзі жұмыс­пен қам­тыған адамдар құрайтын ауылдық жерде шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.

Сапархан ОМАРОВ,

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы