Акцияның мақсаты- балалардың құқығын қорғау, жасөспірімдерге құқықтық, заңдылық тұрғысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Кездесуде тәртіп сақшылары «Қауіпсіз интернет», «Темекі бұйымдары», «Алкогольдік өнімдер», сондай-ақ 21-ғасыр дерті аталатын «Нашақорлық» тақырыбында әңгіме өрбітіп, тың ойларын ортаға салды. Оқушыларға слайд арқылы ішімдік пен шылым өнімдерінің зиянды тұстары түсіндіріліп, интернеттен келетін қауіптің түрі де айтылды. Ішкі істер органдарының мамандары оқушылардың адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырды. Ал, білім ордасының тәлімгерлері өз кезегінде көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тжауаптарын алды.
Мектеп оқушылары мен ата-аналар мұндай кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген ұсыныстарын жеткізді.
Полицейлердің айтуынша, жасөспірімдер арасында психотроптық, наркотикалық, таксикомандық өнімдерді қолдану көрсеткіші жоқтың қасы. Сондай-ақ, көшеде немесе қоғамдық орындарда ұсталатын жасөспірімнің қатары да азайған. Алайда, өкінішті жағы бар. Есесіне темекіге әуес жастармен, әрі ғаламторға тәуелді балалармен ІІД-нің Ювиналды полиция тобының инспекторлары үнемі қадағалау жұмыстарын жүргізіп, бақылап отырады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы