Бокс • 11 Наурыз, 2018

Қазақстандық алты боксшы «Gee-Bee» турнирінің финалына шықты

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Қазақстан құрамасының алты боксшысы Финляндияда өтіп жатқан «Gee-Bee» халықаралық турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ХАА тілшісі.

Қазақстандық алты боксшы «Gee-Bee» турнирінің финалына шықты

Жартылай финал кездесулерінің қорытындысы:

52 келі: Олжас Байниязов (Қазақстан) - Мартин Вирбан (Венгрия). Қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты, Байниязов финалға автоматты түрде өтті.

56 келі: Қайрат Ералиев (Қазақстан) - Дамир Хикматтулин (Ресей) - 5:0.

69 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Сергей Маргарян (Ресей) - 5:0

81 келі: Бек Нұрмағанбет (Қазақстан) - Артем Каспарян (Нидерланды) - 5:0

91 келі: Василий Левит (Қазақстан) - Владимир Узунян (Ресей) - 5:0

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Джамили Дини Абуду (Франция) - 5:0. 37-ші «Gee-Bee» халықаралық турнирінің финалдық кездесулері 11 наурызда, Астана уақытымен кешкі сағат 17:00 де басталады.