Аймақтар • 11 Наурыз, 2018

Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарғын су өңір тұрғындарын әбігерге салуын тоқтатпай тұр. Бүгін кешке жақын Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды

«Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. 3 автокөлік, 5 жаяу жүргінші өткелі мен 20-ға жуық үйді еріген қар мен жауын шашын суы басып қалды. Су алған үйлерден 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 30-ы бала. Тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарына орналастырылды.

Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері және тұрғындар арасынан еріктілер жұмыс істеуде. 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлері мен алғашқы көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар жоқ», - делінген ақпаратта.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы

Суреттер облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен алынды