Аймақтар • 11 Наурыз, 2018

Павлодардағы мемлекеттік педагогикалық университет VII қысқы Универсиада чемпионы атанды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында 1-11 наурыз аралығында өткен VII қысқы Универсиада ойындары аяқталды. 

Павлодардағы мемлекеттік педагогикалық университет VII қысқы Универсиада чемпионы атанды

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастырумен өткен Универсиадаға еліміздің 38 жоғарғы оқу орындарынан  2000-ға жуық студент жастар қатысты.  Жалпы командалық есепте 6-шы орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті иеленсе, 5-ші орынға Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті лайық деп танылды. Ал, 4-ші орынды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 3-ші орынға Қарағанды мемлекеттік университеті жетті. Универсиаданың күміс жүлдесі Қостанай педагогикалық институтына табысталса, 1-ші орын, Алтын медальді  115 студент спортшысы қатысқан  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жеңіп алды.

Дене шынықтыру кафедрасының мәліметінше, оқу орнының қыздар командасы  пауэрлифтинген, қысқы көпсайыстан 1-ші, шаңғыдан – 2-ші,  баскетбол мен футболдан – 4-ші, қысқы бағдарлаудан 1-ші орын алды. Жеңімпаздарды  университетте марапаттар күтіп тұр. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаевтың  айтуынша, студенттердің  келесі жазғы Универсиадасы Ақтөбеде өтеді.         

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Абзал Қабдіраш