Аймақтар • 14 Наурыз, 2018

Атырауда киіктің жүріп өткен жер­ле­рі­ қадағаланады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы даланың киесі киіктердің басына қара бұлт үйірілгелі қашан? 

Атырауда киіктің жүріп өткен жер­ле­рі­ қадағаланады

Қымбатқа бағаланған мүйізі сорына айналып, талай қас­көйлер ашкөздікпен қырғаны сон­шалық, кезіндегі үйір-үйір киік­тердің шо­ғыры көзден бұл-бұл ұш­ты. Би­ыл ғана киіктер Индер ауда­ны­ның аумағына келе бастады. Ма­мандардың сөздеріне сенсек, қазір ау­дан көлемінде мыңнан астам ки­ік тіршілік етеді.

– Елімізде киіктердің шоғыры Бетпақдалада, Үстірт, Орал аймақ­та­рында шоғырланған. Былтырғы санақ бойынша елімізде 152 мың киік есепке алынса, соның жартысынан көбі осы батыс өңірінде. Мемлекеттің қамқорлығы нәти­же­сінде киіктердің басы көбейе бас­тағасын жаңа қоныстарға шы­ғуда. Осыған сай негізгі шоғыры бол­ған Батыс Қазақстан облысы көлемінен Индер ауданы аума­ғы­на киіктер қоныс аудара бас-
тады. Оларды қорғауға баса назар аударылып отыр, – дейді «Охотзоопром» республикалық мем­лекеттік кәсіпорнының бөлім басшысы Нұрбек Бекманов. 

Аталған мекеменің ғылыми қызметкері Бақтияр Тәшенов те дала тағысын қорғауға мекеменің мүмкіндігі күшейтілгенін айтады. Мысалы, «Охотзоопром» ре­с­пуб­ли­калық мемлекеттік кәсіп­ор­нында басқа мамандарды есепте­ме­­генде 250 инспектор жұмыс іс­тейді, жол талғамайтын қазіргі за­манғы көліктер алынған. Ұшақ пен тікұшақтар да бақылауға пай­да­ланылады. Киіктің карт­а­сы жа­сақ­талып, жүріп өткен жер­ле­рі­нің бәрі қадағаланып отыр. 

Тағы бір жайт – еліміздің батыс өлкесінде қара қасқырлар кез­­­десе бастаған. «Бұл кезінде Кав­­каз жа­ғындағы соғыс қимыл­да­ры­ның зар­дабынан бізге қарай қо­­ныс ау­дар­ғандары болуы керек. Олар кө­бі кері кеткенмен жер­­гілікті қа­сқырлармен шағы­лы­­сып қал­ғандары да бар», дейді Б.Тә­ше­нов. 

Саламат БАЗАРБАЕВ

Атырау облысы