Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Тікұшақпен ұшып бара жатқан әскери қызметші қаза болды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінде қайғылы оқиға болып, салдарынан борт техник қаза тапқан.

Тікұшақпен ұшып бара жатқан әскери қызметші қаза болды

«13 наурызда МИ-8 тікұшағымен жоспарлы ұшу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан борт техник Ж.Т. Тасыбеков қаза тапты», - делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына көңіл айтты.