ОҚО-дағы 7 жасар баланы зорлау оқиғасына енді қоғам белсенділері араласты. ҚР Омбудсмені осы істі тергеудің ұзаққа созылғандығына алаңдаушылық білдірді. Осы себепті баланың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шара қолдану қажет деп есептейді. Сондай-ақ зардап шеккен балаға оның физикалық және психоэмоционалдық жағдайы бұзылғандықтан қажетті көмек көрсету мәселесі маңызды болып саналады. «Жоғарыда айтылғандарға байланысты бұл жағдай ҚР Омбудсменінің бақылауына алынды. Тиісті ресми сұраулар ҚР Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне және БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жан-жақты әрекет ету шаралары үшін жіберілді»,-делінген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі тарақтан мәліметтерде.