Аймақтар • 15 Наурыз, 2018

Екі бірдей ет өңдеу комбинаты салынады

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін


Шығыс Қазақстан облысында ет және ет өнімдерін өңдеу бо­йынша екі комбинат салынады. Бұл қадам мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауда өте маңызды екендігі түсінікті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 270 мың тонна ет өндіріліпті. Бұл көрсеткіштің 105 пайызы, ал республика бойынша ет өндіруде Шығыс Қазақстан екінші орында тұр.



Екі бірдей ет өңдеу комбинаты салынады

Облыстың экономикалық даму деңгейінің басым бағыт­та­рының бірі – аграрлық сектор. Мәселен, экспорт әлеуе­тін арт­тыру үшін облыста мал ша­руашылығын дамытудың ке­шенді бағдарламасы іске асырылуда. Ал ет өндіру жә­не өңдеу ісі өңір экспор­тын ал­дыңғы қатарға бастауы тиіс.

– Ең бастысы, бәсе­ке­­лес­тік­ке бастар мүмкіндіктерді пай­далана отырып, артық­шы­лықтар тиімді қолдану, – деді облыс әкімі Даниал Ахме­тов, – сондықтан жоға­ры сапалы­ дайын өнімдер на­рығына шы­ғу үшін аус­тра­лиялық «Еу­разия Агро­­­Холдинг» ЖШС ком­паниясы­мен тізе қосып, Аягөз ауда­нын­да ет өңдейтін комбинат салу жұмыстары жүргі­зілуде. Бұдан бөлек біздің та­рапымыздан нысанға 468­­ млн ­теңгенің барлық қа­­жет­ті­ ин­фрақұрылымы жүр­гізі­ліп, жобалау-сметалық құ­­жат­тамасы әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ «АгроПортал» ЖШС ирандық компанияның қаты­суымен Семейде ет өңдеу ком­бинатының құры­лысы бо­йынша ірі инвес­тициялық жобаны жүзеге асыруға дайын.­ Осы ретте өт­к­ен жылдың соңында ИДМ Инвестициялар комитеті мен «АгроПортал» ЖШС ара­сында инвестиция­лық келісімшартқа қол қойыл­ған­дығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар Шығыс Қа­­­­зақ­­­стан­да халықаралық стан­­­дарттар бойынша­ ауыл­ша­­руашылық өнімдерін сұ­рып­таудың бүкіл жиын­тығын жү­зеге асыратын зерт­хана ашы­лады. Облыс бас­шы­сы­ның айтуынша, «қы­тай­лық стан­­дарттар бойынша серти­фикаттау – аспанасты елі­нің на­рығына апаратын төте жол».

– Біз үшін Қытай нарығы ма­ңызды, – деді Даниал Кен­­­же­­тайұлы, – қазіргі кү­ні об­лыста қазақстандық өнім­дерді қы­тайлық стандарт бо­йын­ша сертификаттау зерт­ха­на­сын құру жұмыстары жүр­гізілуде. Осы мәселе бойын­ша биыл қаңтарда Қытай Ха­­лық Республикасынан бір то­­п маман біздің облысқа ке­­ліп қайтты. Зертхананы ор­­­на­­­ластыратын ғимарат да­йындалуда. Құны миллиард­тан астам теңге болатын қон­дыр­ғыны жеткізу жұ­мы­сын қа­зан айында бастаймыз.

Раушан НҰҒМАНБЕК, журналист

СЕМЕЙ