Руханият • 15 Наурыз, 2018

Абыз ақсақал Баян Жанғаловты еске алу кеші өтті

716 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Зеренді көлі жағасындағы «Ав­рора Гарден» Ұлы Отан соғы­сы­на қатысушы, ұзақ жылдар бойы шаруашылық ме­кемелерінде, кейін­нен аудандық кеңес, партия органда­рында бірінші басшы қызметін жемісті атқарып, ел алдындағы адал еңбегі көп­теген мемлекеттік ма­­ра­паттармен аталып өтіл­ген, Со­циалистік Еңбек Ері, абыз ақсақал Баян Жан­­ғаловты еске алу кеші өтті.

Абыз ақсақал Баян Жанғаловты еске алу кеші өтті

Кеш барысында жуырда ғана жа­рық көріп, Баян Жанғалұлының өмір­баяны мен еңбек жолына арналып, оны жақсы білген, бірге қыз­мет атқарған жандардың есте­ліктерімен толықтырылған «Ағын судың тұнығы еді» кітаптың тұ­сауы кесілді.

Зеренді ауданының тағы бір ең­бек ардагері Мұхит Қабдешев жаз­ған кітаптың кіріспесінде: «Құр­метті оқырман!

Ауыл билеген, аудан, облыс­ басқарған адамдар қайда жоқ. Бізде де жеткілікті. Бірақ көбісі ке­те салып, көңілден өшкен. Ат­тан түскен соң немесе дүние­ден озғаннан кейін есімі де ұмы­тыл­ған. Әрине ешкімді күштеп сүй­кім­ді ете алмайсыз. Ал жақын та­ныса да, жете танымаса да адам­дар­дың жылы лебізіне ие болатын тұл­ғалар да болады. Сондай ел сүйінген азаматтардың бірі – Баян Жан­ғалов.

Биыл Баян ағаның қайтыс бол­ғанына бес жыл толды. Әлі де ағамыз елдің есінде, аты жұрт аузында.

Мен ағаның басшылығымен он жылдан астам қызмет істеген, зей­нет демалысына шыққан соң да жанына жақын жүрген шәкірт­терінің бірімін. Ағамыз біздерді, біз сияқты басқа да болашаққа бет түзеген жас түлектерді баласын­дай сүйіп, балапанындай баулып, көңілдің қыбын, істің жігін табуға, қиын түйіндерді шебер шешуге үйретті. Біздің арамыздан аға сияқ­ты ел билеген талай азаматтар­ шықты.

Осы арада кәрі мен жастың да, үл­кен мен кішінің де құрметіне, мақ­танышына айналатындай Баян ағаның қандай қасиеті бар де­ген заңды сұрақ туады. Бұл сұрақ­тың жауабын менен бұрын басқа шә­кірттері, замандастары айтсын деп ойладым да, олармен хабарластым.

Менің ұсынысымды ескерусіз қал­­дырмай, Баян аға туралы есте­ліктерімен бөліскен барлық аза­маттарға айтар алғысым шексіз. Сіздерді ағамыздың рухы қорғап, қол­дап, қоршап жүрсін, игі істе­ріңізге бағыт, бағдар берсін деп тілеймін» деген сөздер жазылған.

Естелік кітапта Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесінің Төрағасы Бәйкен Әшімовтің, атақты жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Естай Мырзахметовтің, Кеңес Одағының Ба­тыры, Көкшетау облыстық пар­тия комитетінің бұрынғы бі­рін­ші хатшысы А.Клещевтің, Со­циа­листік Еңбек Ері Федор Мор­гун­ның, басқа да белгілі мемлекет қайраткерлерінің, ақын-жа­­­зушылардың Көкше елінің ардақты тұлғасына арнаған іл­типат лебіздері мен пікірлері, құт­тықтаулары, оны жақсы біл­ген, бірге қызмет атқарған тұл­ғалардың естеліктері орын алған.

Алқалы жиында Б.Жанғалов­тың басшылығында қызмет ат­қар­ған, бүгінде еңбек ардагерлері, бұ­рынғы «Пухальск» кеңшарының ди­ректоры Мейрамбек Қиықов, Зе­ренді орталық ауруханасының бұ­рынғы бас дәрігері Серік Иб­раев, Социалистік Еңбек Ері Сар­тай Жұмағалиев, «Викторов­ское» ЖШС директоры Владимир Ан­дрюхин, қазақ күресінен «Қа­зақстан барысы» жобасын дамы­ту қоры кеңесінің төрағасы Арман Шораев, еңбек ардагерлері Қасым­хан Құсайынов, Иван Виницкий, Есім­бек Әкімов, Тілекен Төлебаев, Кү­ләш Рақымжанова, Баян атаның ұл­дары Мұратбек пен Банұржан, қызы Бақытжан, келіні Зураш, бас­қа да туған-туысқандары айтулы тұлғаның ұйымдастыру қ­абілеттері, адамгершілігі туралы ғибратты естеліктер айтты.

Шара соңында аудан әкі­мі­ М.Мұс­­та­финнің атынан­ әке­­сін еске алу кешінен есте­лік ретін­де ұлы Мұратбек Жанғалов­қа әулет­тің ұлы бабасы Қанай бидің фарфордан жасалған шағын мүсінін ұсын­ды. Баян Жанғалұлының өмір­серігі Нағима әжейге Ке­ңес Одағының Батыры Мәлік Ғаб­дуллин­нің 100 жылдығына арналып шығарылған мерекелік медаль табыс етілді.

Қайрат ҚАЗИЯКПАРОВ, журналист

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы