Аймақтар • 15 Наурыз, 2018

Патша заманындағы пұл (жәдігер)

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы, Т.Рыс­құ­лов ауданындағы музей­дің ғимараты өңірдегі ең көне ны­сан­дардың бірінен санала­ды. Әуелі пошта бекеті, одан кейін орыс-түземдік мек­теп, әрі қарай Луговой орыс мек­­тебі бол­ған ғимараттың са­лын­­­ға­нына 117 жыл болыпты. Ал 2015 жылы 1 мамырдан бас­тап Жам­был облыстық тарихи-өл­кет­ану музейінің Т.Рысқұлов ау­дан­дық бөлімшесі осы ғимаратқа кө­шірілді.

Патша заманындағы пұл (жәдігер)

Әміре Сұлтанбековтің бас­та­масымен 1983 жылы қо­ғам­дық негізде аудандық му­зей құ­рылып, ол жерге үш мың­нан астам жәдігер жинала­ды. Т.Рысқұлов аудандық му­зейі­нің меңгерушісі Есназар Құрымбаевтың айтуын­ша, бү­гінде мәдени мекемеде хал­­­қы­мыздың терең тарихынан сыр шертетін, есте жоқ ескі за­ман­­дардың куәгері іспетті тоғыз мың­нан астам жәдігер бар.

Әрине, ол жәдігерлердің кім-кімді де қы­зық­тырмай қоймасы анық. Дей тұр­­ғанмен, мұнда келушілерді пат­ша заманындағы ақшалар қызықтырады екен. Мәселен 1909, 1917, 1918 жылы шыққан көне пұл­дар әлі күнге дейін осы жерде сақтаулы. Заманында бай­лар­дың, кө­пестердің қал­тасында қо­бы­рап жүр­ген ақ­шалар бүгінде та­рихқа ай­налып, жәдігер есебінде му­зей тө­­рінде тұр. Бұл күнде әб­ден то­зы­ғы жеткен ақшалар тарих қой­науына сіңіп, мекеменің қым­бат қазыналарының бірі ретінде сақ­талған.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35