Аймақтар • 15 Наурыз, 2018

Семейлік депутаттар Аягөз тұрғындарына қайырымдылық көрсету акциясын қолдады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Мирашев сессия  кезінде қала тұрғындарын, кәсіпкерлерді аягөздіктерге көмектесуге шақырды.

Семейлік депутаттар Аягөз тұрғындарына қайырымдылық көрсету акциясын қолдады

- Наурыз келген кезде Аягөз ауданының тұрғындарын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Біз, қазақ халқы бауырмал, қамқор елміз. Барлығымыз Аягөз ауданын тығырықтан шығаруға жұмылайық, - деді Қайрат Мирашев.

Депутаттар оның ұсынысын бірден қолдайтындықтарын білдірді. Мәселен, Семейдегі «ҚТЖ» ҰК АҚ-ының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мәрлен Көкрекбаев, теміржолшылардың барлығы Аягөз ауданына көмек ретінде ашылған қайырымдылық қорына бір күндік жалақыларын аударады деп айтты. 

- Біз алғашқы күннен-ақ, су тасқыны кезінде Аягөз тұрғындарына көмек жасап жатырмыз. Суды сорып алып, құм,тас, кірпіш жеткізіп, тасқын суды бөгедік. Қосымша бір күндік жалақымызды да аударамыз, -деді мәслихат депутаты, «Гордорстрой» ЖШС директоры Қайрат Қайрамбаев,-

Раушан Нұғманбекова

 Семей