А. Ибраимовтың айтуынша, студенттердің жатақханаларын жақсарту аясында «Қаржы орталығы» АҚ функционалы бүгінгі таңда бірінші кезекте аталған тетіктің нақтылануына негізделеді: нормативтер, есептеулер, төлемдер жасау, әзірлеу, типтік келісімшарт жасасу.
«Бүкіл тетік бірізділік, бәсекеге қабілеттілік, теңгерімдік және тиісінше нәтижелілік қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі», — деді қаржы орталығының басшысы.Ол сондай-ақ, жаңа жатақханалар салудан басқа, қолданыстағы тұрғын нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.
«Біздегі қазіргі пайдаланылып жатқан жатақханалардың неліктен осындай жоғары-амортизациялық жағдайда екенін айтар болсақ, бізде төсек-орындарының тапшылығы бар, амортизация жүріп жатыр. Орын тапшылығы мәселесін шешкен кезде, күшейіп кеткен амортизация мәселесі өздігінен жойылады. Жоспарлы жөндеу жұмыстары талаптар мен стандарттарға сәйкес жүргізілетін болады», — деп қорытындылады спикер.