Президент • 15 Наурыз, 2018

Мемлекет басшысы Түрікменстан Меджлисі комитетінің төрағасымен кездесті

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Түрікменстан Меджлисі комитетінің төрағасы Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Меджлисі комитетінің төрағасымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне ізгі ниетін білдіріп, қызметіне зор табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты диалогты нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жеке жолдауы табыс етілді.