Фото: Sputnik Қазақстан
Қазақстан үшін тиімді бастама
Сантош КУМАР,
Сингапур Баспасөз клубының құрметті хатшысы
Қай қоғамда болсын материалдық пайда негізге рөлге ие, алайда әлеуметтік бірліктің өмірлік маңызы зор. Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайын жақсарту қажет екенін жақсы түсінеді. Бұл, сондай-ақ елдің экономикалық өсіміне септігін тигізеді. Осылайша, ол тұрғын үй, жоғары білім беру, жалақыны көтеру және мұқтаж жандардың өмір сүру жағдайын жақсарту сияқты халықтың негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға баса назар аударуда. Президент елді жалпы жаңғыртумен қатар, дамудың барлық бағыттарын қамтуды көздеп отыр.
Президент халықтың әлеуметтік осал топтарының мұң-мұқтаждарын, оларды не алаңдататынын терең түсінгендіктен нақты шаралар қабылдауда. Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жариялауы аз қорғалған санаттарға қамқорлық көрсету арқылы тең мүмкіндіктер ұсынудың айқын мысалы болып табылады. Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады. Өйткені, мемлекеттің қолдауы елдің әрі қарайғы дамуында халықтың ауызбіршілікте болуын қамтамасыз етеді.
Ел дамуының нақты бағдары
Ариэль КОЭН,
саясаттанушы (АҚШ)
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы наурыз айының басында ел халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде айтылған әлеуметтік жаңғыруға қатысты міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанды жаңа белеске көтереді. Нақтылай айтқанда, бұл маңызды әлеуметтік бастамалар Қазақстанның әлеуметтік дамуын және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен қадам.
Үндеуде қамтылған микронесиелеу, білім беру сапасын арттыру, салық жүктемесін төмендету, халықты баспанамен қамту мәселелері мемлекет тарапынан ел тұрғындарының әл-аухатын жақсарту мақсатында жасалған игі шаралар болып табылады. Сондай-ақ бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық тұрғыда даму деңгейін жақсартуға оң ықпалын тигізеді.