Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

Қарағандыдағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні өтті

1310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы «Достық үйінде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіне байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні өтті. 

Қарағандыдағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні өтті

Іс-шараға этномәдени бірлес­тіктердің төраға­лары, Аналар кеңесінің, ғылыми-сараптамалық топтың, Қара­ғанды облыстық ҚХА жас­тар үйлестіруші кеңес­­терінің мүшелері, саяси пар­тиялар­дың облыстық фи­лиал­дары­ның жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Президенттің бес әлеу­мет­тік бастамасының негізгі ере­желері талқыланған бас­қосуда Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблея­сы хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын Елбасы Үн­деуінің заман талабымен үй­лесім тапқан мазмұнына тоқ­талып, игі жобалардың Мәң­гілік Ел болуға ұмтылған Қа­зақ­­стан үшін қаншалық­ты мәні зор екенін тарқата айтып берді. «Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-эко­но­микалық әл-ауқатын нығай­туға мүмкіндік береді, өйткені бұл сала тәуелсіз Қазақстанның кон­фессияаралық келісімі мен бірлігін одан әрі күшейте түсуге негіз қалайтын іргетас болып табылады», деп атап өтті ол.

Сонымен қатар облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Д.Касапиди бес әлеуметтік бас­таманың өмірлік маңызы бар салаларды жаңғыртудағы жаңа да жақсылығы мол қадамдар екенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, тұр­ғындар әлеуетін жақсартуға ба­ғыт­талған келешегі кемел бас­та­ма­ны бірауыздан қолдады. 

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ