Мемлекеттік қызметшілер үшін таптырмас құрал болып саналатын нұсқаулықты салтанатты түрде табыстау іс-шарасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ғалымжан Исимбеков, мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі уәкілетті тұлға Ерлан Әубәкіров және «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов.
– Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы Семейде кешенді түрде қолға алынып отыр, – деді қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, – нұсқаулық дер кезінде әзірленген құжат. Мұнда жұмыс барысындағы сөз әдебінен бастап, тіпті әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстауға дейінгі маңызды дүниелердің барлығы қамтылыпты. Парасаттылық мәдениеті не деген сауалға да жауапты осыдан табуға болады. Мемлекеттік қызметте болатын түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, адал да абыройлы қызмет атқару үшін осындай нақты нұсқаулықтардың болуы біз үшін аса қажет.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист
Семей