Руханият • 19 Наурыз, 2018

Қазақ – қашанда қазақ! (өлең)

52 реткөрсетілді

Түсімде ауылымды, түзді көрем,

Жүгірген бала едік қой біз бір өрен.

Үйіне иінағашпен су әкелген,

Ибалы келіншекті, қызды көрем.

 

Шелекте меймілдеп су мөлдіреген,

Баратын тасқұдыққа жолды көрем.

Иыққа иінағаш ілген қыздар –

Бұл күнде болып кетті-ау ол бір өлең!..

 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар