Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

«ҚазТрансОйл» Мем­ле­кет басшысы белгілеген мін­деттердің барлығын жүзеге асы­руда

331 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Төртінші өнеркәсіптік революция жүзеге асты, ол тіпті консервативті құбыр желісі мәселесін де қозғады. Өз бизнесін жоспарлы түрде жаңарта отырып, магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» АҚ 4.0 индустриясының келуіне бәрінен де жақсы дайындалған екен. 

«ҚазТрансОйл» Мем­ле­кет басшысы белгілеген мін­деттердің барлығын жүзеге асы­руда

Төртінші, цифрлы өнер­кәсіп­­тік революцияға бейімделу қажет­тілігі мен өсудің негізгі қоз­ғаушы күші жаңа технология­лар болатынын Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл са­йын­ғы Жолдауында айтқан болатын.

Жолдауда көрсетілген мін­дет­терге сәйкес, алға қойылған мақсатқа қол жеткізіп, әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу үшін халқымыз өз­гер­мелі жағдайларға бейім­де­ліп, әртүрлі салаларға, ең алдымен, өндіріс саласына цифрлы технологияларды енгізу қажет.

Бұл жағдайда қазіргі индус­трияландыру бағдарламасы жаңа құралдарды дайындап, апробациядан өткізуге бағыт­талуы тиіс. Олар өнімдер­ді экс­портқа шығаратын қазақ­стан­дық кәсіпорындардың жаңа­руына және олардың цифрлы тех­ноло­гия­ларға көшуіне мүм­кіндік беретін болады.

Сондай-ақ Елбасы мүмкін болатын тәуекелдерді да атап өтті, бұл – ең алдымен, эконо­ми­каны цифрлы жүйеге кел­тір­геннен кейін жұмыс орын­дары­ның босап қалуы, сондай-ақ кәсіпорындардың энергияны тиімді пайдалануы мен энергия үнемдеуді дамыту қажеттілігі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Мем­ле­кет басшысы белгілеген мін­деттердің барлығын жүзеге асы­руда. Цифрлы технологияға көшу енді қолға алына бастаған кезде-ақ компания бұл үдерісті іске қосқан болатын.

Былтыр желтоқсан айында компания мұнай тасымалдау ісінде диспетчерлік басқаруды орталықтандыру бойынша ірі жобаны аяқтады. Батыс және Шығыс филиалдарының Атырау мен Павлодарда орналасқан диспетчерлік қызметі «Астана» бас диспетчерлік басқармасына (БДБ) берілді. Бүгінде компания ор­та­лық кеңседе отырып, елі­міз­­­дің 11 облысындағы мұнай та­­сы­­ма­лын тікелей басқарып отыр.

Компания диспетчерлік бақы­­лау жүйесі мен SCADA жүк тасымалын басқаруды енді ен­діре бастаған сәттен-ақ бұл жоба­ның бастау алғанын атап айту керек. Жоба мәні мына­да – «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларының барлық бөлік­терінде мұнайды қабылдау мен тапсыруды бақылау, мұнайды Ақтау портына, темір жол эстакадаларына құюды бір орталық­тан жүргізу. Қазір мұндай орта­лық «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Астана» бас диспетчерлік бас­қар­масы болып отыр. Мұнда бар­лық операцияларды бақылау мен басқару онлайн режімде жүргізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ басқарма басшысы Димаш Досановтың айтуынша, диспетчерлеудің біртұтас заманауи пунктін ен­гізу әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді және мұнай ағымын бас­­қаруда компанияға сапалы жаңа деңгейге жетуге мүмкіндік береді. «Өндірістік қуатты автоматтандыру және мұнай тасымалын басқаруды аймақтар­дан «Астана» бас диспетчерлік басқармасына ауыстыру – «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды құбыр желісінің тұрақты да қауіпсіз жұмыс істеуінің қазақ­стандық жүйесін сәтті орындау», деп атап өтті ол.

Диспетчерлік басқару­дың құрылымы да жеңілдетіл­ді. Бұ­рын ол төрт деңгейде орын­­да­латын: жергілікті диспетчерлік пункттер (ЖДП), аудандық дис­пет­черлік пункттер, орта­лық диспетчерлік пункт­тер және «Астана» бас дис­петчер­лік басқармасы. Қазір бұл құрылым­ға ЖДП мен БДБ ғана қатысады.

Әрине, диспетчерлік басқар­маны қайта құрудың диспет­чер мамандарға да әсері болды. Әйтсе де компания көптеген жұ­мыс орындарын сақтап қалды. Ай­мақ­тық бөлімшелердегі дис­пет­чер­лердің біразы «Астана» БДБ-ға ауыстырылды және бүгінде 47 білікті инженер жаңа бөлімшелердегі жұмыс­тарына толығымен бейімделді.

SCADA жүйесі

Бас диспетчерлік басқар­маны іске қосу көп жылдық дис­пет­чер­лендіру жобасының соңғы кезеңі болды.

Мұндай ауқымды міндет, яғни мұнай құбырларындағы өндірістік жұмыстарды басқару­ды автоматтандыру компания құ­рылғаннан кейін-ақ 1997 жылы пайда болды. Ол кезеңде КСРО-дан Қазақстанға мұраға қалған магистральды мұнай құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болды, бүкіл автоматтандыру 1960 жылғы үлгідегі релелік қондырғылар болды, байланыс та сенімсіз болатын және бұл құралдар жиі істен шығып қа­латын. Соған қарамастан, мұнай сияқты стратегиялық маңызы бар тауарды үздіксіз экспортқа шығару аса қажет болды.

«ҚазТрансОйлдың» магистральды мұнай құбырларының технологиялық нысандары әр аймақта орналасқандығын ескере келе, қашықтықтан бақылау мен басқару қажеттілігі туындады. Мұнай құбырларының жұмысын басқару үшін әлемде бір-ақ жүйе болғандықтан – ол диспетчерлік бақылау мен бас­қарудың SCADA жүйесі болатын – 1999 жылы компания маман­дары тиісті техникалық тап­сыр­маны дайындай бастады. Жаңа жүйе үшін негізгі үш мақсатты жүзеге асыру керек болды: мұнай құбырларының се­німділігі мен қауіпсіздігі дең­гейін жоғарылату, мұнай тасы­малдауды басқаруды оң­тайлан­дыру, технологиялық құрал­дар жұмысын қашықтан басқару.

2003 жылдан бастап 2010 жылға дейін «ҚазТрансОйл» SCADA жүйесін біртіндеп бар­лық мұнай құбырларына енгізді. Басқа бағыттардың пайда болуына орай, бұл жүйе жаңа мұнай құбырларында да қолданыла бас­тады. Атап айт­сақ, олар – бүгін­гі Қазақстан-Қытай-Кеңқияқ-Атырау, Кең­қияқ-Құмкөл және Атасу-Ала­шаң­қай магистральды мұнай құбырлары.

SCADA жобасы бірнеше кезең­­нен тұрды: бақылау-өл­шеуіш құралдарын ауыстыру, жаңа автоматика орнату, диспетчерлік бақылау жүйесін енгізу.

ҚТ-ның көптеген нысандарында SCADA жүйесін енгізу ресми түрде 2006 жылы аяқталған болатын, бірақ жүйені жаңарту бүгінгі күнге дейін аяқталмай отыр. Диспетчерлік бақылауды филиалдардан БДБ-ға ауыстыру бойынша жоба ая­сын­да контроллерлердің бір бө­лігі жаңартылды, 40 нысан­ның барлығына SCADA сервер­лері орнатылып, тиісті бағдар­ламалармен қамтамасыз етілді.

SCADA ҚТО-ның мұнай айдайтын стансаларындағы және басқа нысандарындағы жұмыс үлгісін айтарлықтай өзгертті. Бұрын адамдар атқаратын күр­делі де көп еңбектенуді қажет ететін операцияларды қазір автомат атқарады. Температура, қысым, мұнай деңгейін өл­шейтін заманауи құрылғылар – осылардың барлығы апатқа қарсы қорғаныс жүйесімен бірге қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті және құрылғының автоматты режімде жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

Адам қызметін аз қажет ете­тін мұнай құбыры жүйе­сі­нің жұмыс кестесі автомат­ты қон­дырғының қатесіз жұмы­сы­ның арқасында апатты жағдайдың төмендеуіне, жарақат алудың азаюына, мұ­най тасымалы сенімділігінің жоға­рылауына әкелді. Енді опера­тор­ға бір тиектен екіншісі­не жү­гіруінің керегі жоқ, ол мони­тор­дың алдын­да отырып өз жұ­мы­сын қашық­тықтан орындайды.

SCADA-ны енгізу нәти­жесінде «ҚазТрансОйл» АҚ магис­тральды мұнай құбыр­ларының барлық нысандарына осы жүйені енгізген алғашқы қазақстандық компания болды. Және ҚазТрансОйлдың диспетчерлік бақылау мен бас­қару жүйесі әлемдегі ірі жүйе­лердің бірі болып саналады.

Өндірістік үдерісті басқару жүйесі

ҚТО-ның цифрлы технологияны енгізу бойынша тағы бір ірі жобасы – өндірістік үдерісті басқару жүйесі (ӨҮБЖ). ӨҮБЖ дегеніміз – кәсіпорынның құрал-жабдықтарын жөндеу мен оған техникалық қызмет көрсету үдерісін басқаруды автоматтандыру. Бұл адам еңбегін аз қажет етеді және мұнай тасымалдау­ды сенімді де қауіпсіз түрде қам­­тамасыз ете отырып, бірден үш міндетті шешеді: құралдар мен жүйелердің қауіпсіздігі мен се­німд­ілігін барынша қамтама­сыз ете­ді, сорғы құралдарын жөндеу­ді ен­гізеді, қолдану, жөндеу және сатып алуға қатысты негізгі биз­нес-үдерістерді автоматтандыру дең­гейін жоғарылатады.

ҚТО энергия қуатын үнемдеу

Энергия тиімділігін үнемі арттырып отыру – компания­ның энергетикалық саясаты анық­таған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың көкейкесті міндеттерінің бірі. Бұл құжаттың 2014 жылы кешенді энергетикалық аудиттен кейін қабылданғанын атап айту керек. Ол 2012 жылғы «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арт­тыру туралы» заң талаптары­на сәйкес жүргізілді. «ҚазТрансОйл» АҚ өткізілген энергетикалық аудит нәтижесі бойынша, «ҚазТрансОйл» АҚ Энергияны үнем­деу және энергия тиімді­лігін арттыру бойын­ша 2015-2019 жылдарға ар­нал­ған іс-шара­лар жоспары дайындалды. Он­дағы негізгі бағыттар мыналар:

- электрмен жабдықтау және жарықтандыру;

- жылумен қамту және жылыту;

- желдету, кондиционерлер орнату, ылғалдандыру;

- технологиялық құралдар;

- есеп пен бақылау аспаптары мен құралдары;

- энергоменеджмент;

- қызметкерлерді қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіру.

«ҚазТрансОйл» АҚ үшін мұндай іс-шаралар аса ма­ңызды, өйткені олар компания бағыттаған ресурстарды босата­ды, соның ішінде, өзінің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшінде. Мәселен, «ҚазТрансОйл» АҚ мынадай инновациялық технологияларды сәтті енгізуде: жиілікпен басқарылатын желілер, электр қозғалтқыштарын бірқалыпты қосу құралдары, реактивті қуат­тың орнын толтыру құрал­дары, магистральды сорғы агре­гат­тары­ның синхронды электр қозғалтқыштарын қызды­ратын сандық реттеушілер; артық қуаты бар күштік трансформаторларды энергиялық тиімді түріне ауыстыруда.

Электр энергиясын мұнай тасымалдау үшін қолдану және магистральды мұнай құбыры бойымен мұнай ағатын жолды жылыту үшін газды қолдану энергияның маңызды түрлері болып табылады. Электр энергиясы мен газды қолданудың жиынтық үлесі жалпы энергия қолданудың 89%-ын құрай­тындықтан, мұнайдың жүк айналым бірлігіне жұмсалатын меншікті тұтыну энергиясын төмендету мақсатында компанияда магистральды мұнай құбырларының жұмыс режімін оңтайландыруды қамтамасыз ету бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі.

Энергияны үнемдеу, энер­гия­­лық тиімділікті жоғары­лату және мұнай құбыры жұ­мыс режімдерін тиімді қол­дану бойынша жоспарлы түрде жүр­гізіліп отырған жұмыс­тар­д­ың нәти­жесінде 2016 жыл­ғымен салыс­тырғанда, 2017 жылы энергия­ның сыбағалы шығысы 4,9%-ға төмендеді және 4,66 тонна шартты отынды/млн тонна*км (2016 жылы 5,48 тонна шартты отын/ млн тонн*км болды) құрады.

Энергия қорларының негізгі түрлерін қолданудың 4,9%-ға төмендеуі мұнай тасымалдау айналымы көлемінің 11%-ға ұлғайған тұсында орын алғанын атап айту керек. Басқаша айтсақ, энергия үнемдеу жүйесі тиімді жұмыс атқаруда.

Энергия тиімділігі мони­торингін жүргізу үдерісі көп еңбектенуді қажет етеді және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың әрбір құрылымдық бөлімшелерінде ай сайын жүргізіліп отырады. Ағымдағы кезеңдегі энергияны қол­данудың көлемі мен оның ақ­шаға шаққандағы мөлшері өт­кен жылғы осы кезең­дегімен салыс­тырылады, энерге­ти­калық мақ­саттар мен міндеттер қада­ғала­нады, мұнайды тасымал­дау­дың жоспарланған техноло­гия­лық режімдерін сақтау баға­ланады.

2017 жылы қыркүйекте өт­кізілген кіріктірілген энергоменеджмент жүйесінің инспек­циялық аудит нәтижесі бойын­ша, «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 50001 қоса есептегенде, барлық халық­ара­лық стандарт талаптарына сәй­кес қызмет етіп жатқанын дәлелдеді.

«Ақылды» жүйелер

Бизнес процестерді оңтай­ландыру және еңбек шығынын азайту мақсатында 2017 жылдың басында «ҚазТрансОйл» АҚ-та «Энергия үнемдеу» атты энерго­менед­жмент­тің ақ­парат­­тық бас­қару жүйесі дайын­далған болатын. Ол ақпаратты жинақтау, дайындау және өңдеу үдері­сін автоматтандыруға, энергия тиім­­­­ді­лігін мониторингілеу бо­­йын­­­ша дайын есеп беруді қа­лып­­­­тас­тыруға мүмкіндік берді.

Электр қуаты қолданысына талдау жасау мен бақылау, мұнай тасымалдаудағы технология­лық режімдердің энергия тиімді­лігі көрсеткіштерінің мониторин­гін «ҚазТрансОйл» АҚ электр қуатын коммерциялық есептеу­дің автоматтандарылған жүйесі (ЭҚКЕАЖ) көмегімен жүзеге асырады.

Сондай-ақ компания мұ­най құбыры бөліктеріндегі жұмыс­тардың тех­нологиялық режім­дерін мониторингілеу, модель­деу және оңтайландыру бойын­ша Smart Tran отандық бағдар­ламалар кешенін де қолданады.

Осылайша, «ҚазТрансОйл» компаниясы әлемдік экономикада қандай үлкен өзгерістер жүріп жатқанын және жаңару үшін жаңа цифрлы технология­лар мүмкіндігін пайдалану­дың қаншалықты маңызды еке­нін жақсы түсінеді. Шығын­ды азайтып, мұнай айдау тиім­­­ді­­­лігін арттыра отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздің дамуы­­на өз үлесін қосуда. Және алда­­ғы уақытта көмірсутекті энер­­гия тасымалдаушыларға деген сұраныс бұрынғыдай сақ­тала­тын болады.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»