Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Алдағы күндері елімізде әлеуметтік желілер істемеуі мүмкін

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысында кідіріс болатындығы жөнінде ескертілді, деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Алдағы күндері елімізде әлеуметтік желілер істемеуі мүмкін

«Есіл аудандық сотының экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдауға бағытталған ақпарат материалдарын таратуға тыйым салу жөніндегі шешімін орындау аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тыйым салынған материалдар таралып жатқан шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің иелеріне тиісті хабарламалар жіберілді.

Сонымен қатар соттың шешімін орындау үшін құзырлы органдар заңға қайшы материалдарды өшіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған орай кейбір әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің (Telegram) жұмысында техникалық кідірістер болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.