Аймақтар • 23 Наурыз, 2018

2018 жылы Атырау облысының 135 ауылына газ барады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы Атырау облысының 135 ауылы газбен қамтылады, деп хабарлады облыс əкімдігінің баспасөз қызметі.

2018 жылы Атырау облысының 135 ауылына газ барады

«Былтыр Құрманғазы ауданының Ресей Федерациясымен шектесетін 10 ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары басталған болатын. Аталған кенттер мен ауылдар мұнай компанияларының бірінің арнаулы бағдарламасы аясында газбен қамтылып жатыр. Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңгені құрайды. 2018 жылы 135 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарда бар», - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 2019 жылдың алғашқы жартысында облыс тұрғындарының 99,2 пайызын газбен қамту міндеті қойылған. Қазіргі кезде ауылдық жерлердің газбен қамтылу көрсеткіші 79,3 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше