Футбол • 24 Наурыз, 2018

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Будапештте өткен ойынның 6-шы минутында-ақ "Астаналық" Роман Муртазаев алғашқы есепті ашты, артынша дебюттық матчын өткізген Бахтияр Зайнутдинов есепті еселді. Ол да "Астана" клубының футболшысы. 

Ал ойынның 21-ші минутында венгриялық Адам Салай гол соғып, есепті қысқартты. "Уфа" футболшысы Еркебұлан Сейдахмет 39-шы минутта есепті 1:3 жеткізді.Екінші таймда венгриялық шабуылшы Кристиан Немет есеп айырмасын тағы бір голға қысқартты. Алайда Қазақстан футбол құрамасын ойын соңына дейін 2:3 есебін ұстап тұрды.

Осылайша Станимир Стоилов бастаған жігіттер жеңіс туын желбіретті. Еске сала кетейік, 26 наурыз күні Қазақстан футбол құрамасы Болгариямен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.